Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 7ВС-13-1 шешімі
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Пшембаева |
Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 қазандағы
№ 7ВС-13-1 шешіміне
1-қосымша
Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7ВС-2-1 шешіміне
1-қосымша
Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Алаң, Жақсы ауылы, Мира көшесі, 73 А.