2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 481 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы | А. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің м.а.
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 481 бұйрығына қосымша