Введите номер документа
Прайс-лист

«Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы (2021.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 25 мая 2017
Дата последнего изменениявторник, 9 февраля 2021

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы

(2021.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2020.21.05. № 43 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Сот сараптамасы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15) тармақшасына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

Д. Абаев

2017 жылғы 30 наурыз

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Т. Сүлейменов

2017 жылғы 30 наурыз

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом