Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 386 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 386 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі