«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 108 Қаулысы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 03/232 ұсынысы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |