ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.25.07. № 547 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 529 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль
жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.25.07. берілген өзгерістермен)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2- бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны- электрондық түрде.