Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығы
(2024.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесі бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).
2. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастыру кезінде Әдістеме ережелерін басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль және су көлігі департаменті (Б.А.Жансүгіров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а.2015.15.05. № 581 бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 614 бұйрығымен
бекітілген
Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу
әдiстемесi
ҚР Көлік министрінің м.а. 2023.05.12. № 112 бұйрығымен 1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 26 желтоқсанда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер