Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 91-VIII Заңы

Информация о документе
Датапонедельник, 10 июня 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 11 августа 2024
Дата последнего измененияпонедельник, 10 июня 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шелдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-баптың 1) және 2) тармақшалары 2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді

1) 211-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы:

«уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;

«нормативтік» деген сөздің алдынан «бірлескен» деген сөзбен толықтырылсын;

2) 213-баптың он екінші бөлігінің бірінші абзацында:

«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер «сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін» деген сөздер «бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 22-тараудың тақырыбындағы «органикалық өнім өндіру,» деген сөздер алып тасталсын;

4) 408-1-бап алып тасталсын;

5) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «408-1,» деген цифрлар алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Президенті

 

   Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 10 маусым

                   № 91-VIII ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом