Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығы
(2018.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары:
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп - интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Болатханұлына):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін өткізсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, он күнтізбелік күн аралығында ресми баспа беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жариялансын;
3) ресми баспада жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің интернет - ресурсына қойылсын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі он жұмыс күні аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Заң департаментіне осы 2-ші бұйрықтың 1), 2), 3) тармақшаларының орындалуы қадағалансын;
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)