Введите номер документа
Прайс-лист

«Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығы (2025.15.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 30 января 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 25 апреля 2015
Дата последнего изменениявоскресенье, 15 июня 2025

Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығы

(2025.15.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.27.10. № 331 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған туристік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

 

Ә. Исекешев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом