Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру нұсқаулықтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 33 Қаулысы
Осы редакция 2026 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру нұсқаулығы;
3) - 10) 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды (бұр.ред.қара)
1-тармағының 11) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік басқару секторының халықаралық операциялары, сыртқы активтері және міндеттемелері туралы есеп» (индексі 7-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
1-тармағының 12) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік басқару секторының халықаралық операциялары, сыртқы активтері және міндеттемелері туралы есеп» (индексі 7-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру нұсқаулығы;
1-тармағының 13) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес «Тасымалдауға ілеспе көлік қызметтері және басқа да халықаралық операциялар туралы есеп» (индексі 8-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;