Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-4 шешімі
(2017.26.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастардың мынадай тізбелері:
1) Батыс Қазақстан облысы бойынша ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль қатынастардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;
2) Батыс Қазақстан облысы бойынша ауылдық және ауданішілік автомобиль қатынастардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес;
3) Орал қаласы бойынша қалалық автомобиль қатынастардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ж. Жақыпов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 5-4 шешіміне
1-қосымша