«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 5 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде 25 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 18 тамыздағы
№ 637 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 470 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-қимыл жоспары