Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 - 2022, 2022 - 2023, 2023 - 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығы
(2023.29.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2021 - 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 - 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2022 - 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 - 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2023 - 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;