2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VІІІ шешімі
(2024.06.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024.06.03. № 11/89-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 426 633 783,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 71 251 605,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 766 027,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 353 616 151,5 мың теңге;
2) шығындар - 424 379 776,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 100 343,7 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 13 125 736,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 025 392,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 942 623,2 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 942 623,2 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -788 959,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 788 959,4 мың теңге:
қарыздар түсімі - 12 500 736,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 17 768 171,3 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 056 394,7 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 4 068 124,0 мың теңге сомада қарастырылсын, соның ішінде:
| Самар ауданына | 247 464,0 мың теңге; |