Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 1584 бұйрығы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі | Д. Косанов |
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 1584 бұйрығымен
бекітілген
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әскери міндеттілердің курстық даярлықтан өту тәртібін айқындайды.
2. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы (бұдан әрі - ӘМКД):