Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 52 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 17 февраля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 17 февраля 2022
Дата последнего изменениячетверг, 17 февраля 2022

Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 52 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының 75 және 79-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құрамы бекітілсін.

2. Комиссия:

1) республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушылары, ата-аналары мен педагогтері арасында 2022 жылғы 25 мамырға дейін 2021-2022 оқу жылындағы қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

2) республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына 2021-2022 оқу жылында қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;

3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарасын;

4) аппеляцияға түскен жағдайда өтініштердің негізділігін қарауды ұйымдастырсын және қорытынды шешім қабылдасын.

3. Республикалық білім беру ұйымдарының директорлары (келісім бойынша) 2022 жылғы 3 маусымға дейінгі мерзімде жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын ұсынсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Ш. Каринова

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушының

2022 жылғы 17 ақпандағы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами