«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 329 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) мынадай өзгеріc енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2026 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 329 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 164 бұйрығына
4-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Асыл тұқымды жануарлар тізілімі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № РПЕ-1