Қазақстан Республикасының
Заңы
2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2016 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 6 847 486 534 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 3 494 770 635 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 154 171 650 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 16 383 224 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 182 161 025 мың теңге;
2) шығындар - 7 406 543 406 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 86 544 407 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 179 635 074 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 93 090 667 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 77 843 536 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 80 493 536 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 650 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -723 444 815 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,6 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 723 444 815 мың теңге.
«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 Қаулысын қараңыз
2-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 34 500 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 227 100 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2016 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн: