«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 143 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20243 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Уәкілетті бөлімше Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде қысқа тізімдегі Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына қосымша бағалау жүргізеді.»;
2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;