«Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 815 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 137 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу үшін кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.