Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 528 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 528 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі пайызына дейінгі мөлшерде жоспарланады.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібі