Введите номер документа
Прайс-лист

«Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 17 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 15 января 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 15 января 2026
Дата последнего изменениячетверг, 15 января 2026

«Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 17 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы «Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп өзгертілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

202 жылғы 15 қаңтардағы

№ 17 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлімде:

мына:

«123-160. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.» деген жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-163-жолмен толықтырылсын:

«123-163. «Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом