Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 405 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуы үшін жауапты басқа да ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 405 қаулысымен
бекітілген
Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар
жоспары
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | | 4 | 5 |