Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығы
(2026.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 209 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.26.04. № 158 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.19.04. № 131 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.29.05. № 209 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |