«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 15 мамырдағы № 230-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тарау. Жалпы ережелерінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
1-тармақтың алтыншы, жетінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2-1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2-1. Қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, «цифрлық үкімет» операторына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.».;
6-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«4) әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналған әдебиетті және материалдарды қоспағанда, діни әдебиеттің, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;»;
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
1-тармақтың он бірінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі