Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 1/1-85 Қаулысы (2025.21.07. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 29 февраля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 29 февраля 2024
Дата последнего измененияпонедельник, 21 июля 2025

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 1/1-85 Қаулысы

(2025.21.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 34.1-34/124-И хаты және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7 қорытындысының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Рысқұлов көшесін ұзарту үшін Алматы қаласының Алатау ауданындағы Оңғарсынова көшесінен Алматы қаласының шекарасына дейін орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801-кеңсе болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін ескертсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами