Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығы
(2024.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.28.12. № 1380 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына және 50-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;