Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы
(2016.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.13.03. № 200 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.12.10. № 663 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 53-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы, 114-тармақтың оңыншы бөлігі, 115-тармақтың тоғызыншы бөлігі, 138-тармақтың тоғызыншы бөлігі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов