Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 195 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидаларда:
мынадай мазмұндағы 408-1-тармақпен толықтырылсын:
«408-1. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алу мақсатында іс-шараларды жүргізу кезінде вакциналарды оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқамада) көзделген тәртіппен және мерзімдерде қолдануға жол беріледі.»;
412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«412. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын, соңдай-ақ ауруға күдікті жануарлар оқшауланады және емделуге жатады.
Эпизоотиялық лимфангиттен өлген жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеледі.»;
мынадай мазмұндағы 413-1-тармақпен толықтырылсын: