2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 17-3 шешімі
Осы редакция 2018 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға арналған бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 25 581 184 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 001 439 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 209 627 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 349 086 мың теңге;
трансферттер түсімі - 5 021 032 мың теңге;
2) шығындар - 25 581 184 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 265 617 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 1 265 617 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 265 617 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 265 617 мың теңге:
қарыздар түсімі - 1 265 617 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Батыс Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2017 жылғы 15 желтоқсанда № 4984 болып тіркелген) шешіміне және осы шешімнің 4,5 тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.