Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы | С. Омаров |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В.Школьник
2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 7-1/498 бұйрығымен бекітілген
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптар
1. Жалпы ережелер