«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 277 Қаулысы
(2024.26.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2024.26.04. № 335 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 277 қаулысымен
бекітілген
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.26.04. № 335 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының іргелес жатқан жерінде орналасқан.
АЭА аумағы 940,51 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына ауданы 880,4 гектар «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі, ауданы 60,11 гектар «Кремний алқабы» қосалқы аймағы кіреді.
2. АЭА:
1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдар өндірісін дамыту;