«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссия құру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығы
(2025.25.11. берілген өзгерістермен)
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 13) және 14) тармақшаларын орындау үшін, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Д. Ахмед-Заки |
Согласовано
01.04.2024 11:40 Булекбаева Асель Сериковна
01.04.2024 11:40 Ізбасар М.С. ((и.о Абитбеков А.С.))
01.04.2024 11:42 Щеглова Динара Ринатовна
01.04.2024 11:44 Махмұтұлы Олжас
01.04.2024 11:45 Салимгереев Куаныш Аманжолович
01.04.2024 11:48 Алигожин Бекет Кабиденович
01.04.2024 11:48 Сейтак Саруар Муратовна
01.04.2024 18:31 Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы
Подписано
01.04.2024 20:21 Ахмед-Заки Д.Ж. ((и.о Нурбек С.))
[[QRCODE]]