Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығы
(2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.29.11. № 1145 бұйрығымен (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.08. № 899 бұйрығымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.29.11. № 1145 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қорғаныс министрінің 2026.10.08. № 899 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 238 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11467 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);