Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулысының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 285 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулысының нысаны бекітілсін.
2. «Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 333 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы | К. Кажкенов |
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы қаулы
1) Жедел ден қою шарасының
түрі:________________________________________________________________
2) Қаулының жасалған күні, уақыты мен орны:
_______________________________________________________________