«Жасалған енгізу актілерінің, шарттардың саны туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 260 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 наурыздағы № 78 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Жасалған енгізу актілерінің, шарттардың саны туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 260 бұйрығына
қосымша
«Жасалған енгізу актілерінің, шарттардың саны туралы ақпарат»
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының индексі: КД-267
Жиілігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ____ ________
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, оныншы ақпаннан кешіктірмей
| № | Ғылыми ұйымның атауы | Енгізу актілері | Шарттар |
| Ұйымның атауы | саны, дана | Ұйымның атауы | саны, дана |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | | |
| | | | | | |