Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 Қаулысы
(2023.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.31.12. № 265 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.26.04. № 49 Қаулысымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.26.09. № 72 Қаулысымен (2023 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 92-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 58) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 12-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.31.12. № 265 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.