Введите номер документа
Прайс-лист

«Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабархат), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаны мемлекеттік қолдау шараларын өзге ақпараттандыру объектілері арқылы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 13 мамырдағы № 214/НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 13 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 30 мая 2025
Дата последнего изменениявторник, 13 мая 2025

«Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабархат), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаны мемлекеттік қолдау шараларын өзге ақпараттандыру объектілері арқылы алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 13 мамырдағы № 214/НҚ бұйрығы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабархат), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаны мемлекеттік қолдау шараларын өзге ақпараттандыру объектілері арқылы алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Цифрлық даму, инновациялар және

 аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

 

Ж. Мадиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом