Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 518 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 15 июля 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 31 июля 2020
Дата последнего изменениясреда, 15 июля 2020

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 518 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер Министрі

 

Е. Тургумбаев

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2020 жылғы 15 шiлдедегi

№ 518 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом