Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 269-п бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқару регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберіндегі жобалық рөлдерді бекіту бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын, сондай-ақ регламентке сәйкес функциялардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы Ш.Ә. Өтемісовке жүктелсін.