Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне тексеріс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 231/НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 5 июня 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 20 июня 2020
Дата последнего измененияпятница, 5 июня 2020

Азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне тексеріс жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 231/НҚ бұйрығы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне тексеріс жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

 

А. Жумагалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш

өнеркәсібі министрінің

2020 жылғы 5 маусымдағы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом