\Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығы
(2025.09.08. берілген өзгерістермен)
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына және «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрі - шарттар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін шарттардың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы | С. Аблалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
ҚР Көлік министрінің 2025.24.07. № 230 бұйрығымен шарттары жаңа редакцияда (2025 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 305 бұйрықпен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің
шарттары