Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖЫЛДАРЫНА ҚАРАМ...

Информация о документе
Датачетверг, 11 июня 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 11 июня 2015

Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

 

И. Тасмағамбетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

1-сыныпты мемлекеттік

әділет кеңесшісі

А. Дауылбаев

2015 жылғы 14 тамыз

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы

Н. Әбіқаев

2015 жылғы 27 шілде

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом