Введите номер документа
Прайс-лист

«Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 272-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 28 июня 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 16 июля 2022
Дата последнего изменениявторник, 28 июня 2022

Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 272-НҚ бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2. Мынылардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11069 болып тіркелген);

2) «Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 және «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығының 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14829 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом