Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 411 бұйрығы
(2025.20.10. берілген өзгерістермен)
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі | К. Шарлапаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 411 бұйрығымен
бекітілген
Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі
тәртіп пен талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп мен талаптар (бұдан әрі - Тәртіп) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарын айқындайды.