Киік дериваттарының бағасын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 124 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Киік дериваттарының бағасын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі | Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 124 бұйрығымен бекітілген
Киік дериваттарының бағасын анықтау
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Киік дериваттарының бағасын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету, бағаны төмендетуді және (немесе) өсіруді болдырмау және әділ нарықтық құнды қалыптастыру мақсатында уәкілетті органның киік дериваттарын өткізу бағасын анықтауы үшін қолданылады.