«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 433 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2010 жылы № 2 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары;
2) осы бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: