«Ғылыми тағылымдаманы іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 6 мамырдағы № 220 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми тағылымдаманы іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссия қазақстандық ғалымдар, Жұмыс органының, өзге де мемлекеттік органдардың, оның ішінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұсынған ғылыми қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдардың өкілдері қатарынан әрбір ұйымнан 5 (бес) өкілден (келісім бойынша) аспайтын құрамда қалыптастырылады.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпы жұмыс өтілі 10 (он) жыл, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссиясының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2024 жылғы 6 мамырдағы
№ 220 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 214 бұйрығына
4-қосымша