Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БА...

Информация о документе
Датапонедельник, 29 декабря 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 29 декабря 2014

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 Қаулысы

(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:

1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;

2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, облыс әкімінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына:

1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру;

2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулының 2 және 3-тармақтарда көрсетілген тиісті құрылымдық бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру кезінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.

5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом